A- A A+
Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2023 жылғы есебі

 Жалпы ережелер    

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — архив). Заңды мекенжайы: 020800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87, байланыс телефоны 8-(71633)-2-10-71. 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша архив қызметі туралы есепке мемлекеттік архивдің көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер енгізілген.          

2) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: мемлекеттік архив 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз нысанда көрсетіледі.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің саны 1234 құрады:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 3;
  • веб-портал арқылы www.e.gov.kz – 1098; – Қызмет берушінің кеңсесі арқылы (мемлекеттік ахивтер) – 159.

Мемлекеттік архивте «e-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы орнатылған. 

Қызмет алушылармен жұмыс 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік архив стендінен алуға болады. Мемлекеттік архивінің сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777. 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік архивің қызметі туралы есептер басқарманың сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, пікір қалдыра алады. 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2023 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша 6 іс – шара өткізілді:

1) семинар – кеңес және «дөңгелек үстел» – 4; 2) мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерінің БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сөз сөйлеуі – 0; 3) әлеуметтік желілерде: Instagram, Facebook, Вконтакте (парақшада 1000-нан астам жазылушы бар) – 1; 4) тікелей эфирлерде – 1.                                              

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет 

1) 2023 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті орындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

2023 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 1098 мемлекеттік қызметі көрсетілді. 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2023 жылы мемлекеттік архивінің 5 қызметкері "Рахат" ЖК-де біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ. 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы архивтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Ерейментау ауданы мемлекеттік архивінде бақылау іс-шарасын өткізген жоқ. 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру. 

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде қағазбастылық пен бюрократизм фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу туралы халықты ақпараттандыру («электрондық үкімет» порталын танымал ету үшін БАҚ, әлеуметтік желілер және т.б. арқылы халықты ақпараттандыру жүргізу).

Комментарии







Очистить данные формы



Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.02.2024 11:28

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»
Яндекс.Метрика