A- A A+
Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архивінің» қызметі мен міндеттері

Архив Ерейментау ауданы аумағында орналасқан, мекемелер мен ұйымдар құжаттарының мемлекеттiк сақтауын, есебiн және пайдалануын жүзеге асырады, толықтыру көздерi-ұйымдарының есебiн жүргiзедi, iс жүргiзу сұрақтары бойынша, iстер номенклатураларын құрастыруда, құжаттар өңдеуде аудан мекемелерiне әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетедi, азаматтар мен мкемелер сұрауларын орындайды, әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық сипаттағы анықтамаларды бередi.

Архивтiң 6 архив қоймасы бар, оларда ұзындығы 828 пог.м. сөрелер орналасқан. Архив қызметкерлерi қоймалардағы температуралық-ылғалдылық режимiне және оның оңтайландыруына бақылауды жүзеге асырады, iстердiң бар болу тексерiсiн, құжатардың табиғи жағдайын жақсартуды, жаңғырту, тiгу, өшiп жатқан мәтiндердi қалпына келтiру, iстер беруiн және басқа жұмыстарды өткiзедi, олар болмағанда архив болуы мүмкiн емес.

Архив толықтыруды жалғасуда, бүгiнгi күнi мемлекеттiк архивтi толықтыру көздерiнiң тiзiмiне 45 ұйым кiредi.

1987-2015 жылдарғы 238 қор құрылған болатын, оларда 41046 сақтау бiрлiгi есептелуде, олардың тұрақты сақтаудағы-20279 сақт. бiрл., жеке құрамы бойынша-20703 сақт. бiрл., сонымен бiрге жеке тектiк құжаттары — 64 сақт. бiрл.

Жеке құрамы бойынша құжаттар жеке құрамы бойынша бұйрықтармен, жеке еңбек шарттарымен, жеке iстермен, жалақы есептеудiң есеп айырысу тiзiмдемелерiмен және жеке шоттарымен, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды аудару бойынша құжаттарымен ұсынылған.

Архивтiк құжаттар негiзiнде газет материалдары дайындалады және жеке және заңды тұлғалардың сұраулары орындалады. Соңғы жылдары көптеген әлеуметтiк-құқықтық және тақырыптық сұраулар түстi және түсiп жатыр: жұмыс өтiлiн растау, жалақы iрiктеу, марапаттау, мүлiк құқықтары, оқуды бiтiру туралы мәлiметтер және басқасы. Жеке құрылыс үшiн жер учаскелерiн беру туралы, аудандық және қалалық мекемелердiң құрылуы туралы, тұру фактiсi туралы архивтiк анықтамалардың үлкен мөлшерi берiлдi. Жыл сайын уақытылы 700-800 сұрау орындалады.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.04.2016 10:16

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»
Яндекс.Метрика