A- A A+
Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілген «Өлке тарихы-ел тарихы» фотокөрмесі

2018 жылдың 24 тамызында Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi ғимаратында Ақмола облысының архивтермен мен құжаттамалар басқармасының бастамасымен "Өлке тарихы-ел тарихы" атты фотокөрме ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында Ерейментау ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Ахмедьярова Камила Дүйсенбайқызы, Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры Алексеева Е. А. сөз сөйледi.

Көрме ашылғаннан кейiн Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi көрермендерге фотосуреттерi бар стендтер ұсынды, олардың әрқайсысы Ақмола облысының 17 ауданы мен екi қаласының тарихы туралы әңгiмелейдi.

Көрме XIX ғасырдан 1991 жылға дейiнгi фотосуреттерден тұрады.

Көрмеге мәслихат депутаттары Бейкенов Ержан, Қалиев Талғат, Стекольщикова Татьяна; мәслихат хатшысы Қайрат Махметов; қаланың құрметтi тұрғындары Кравченко Николай, Каиржанов Назымбек; ауданның қарт адамдары және жеке тұлғалар қатысып, фотосуреттердi үлкен қызығушылықпен қарап, сол алыс жылдардағы суреттерде бейнеленген оқиғаларға үлкен қызығушылық таныта бiлдi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.09.2018 14:12

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»
Яндекс.Метрика