A- A A+
Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау ауданының мемлекеттік архивінің 30 – жылдығы

2017 жылдың 27 қаңтарында Ерейментау ауданыi мемлекеттiк архивiне 30 жыл толды.

Целиноград облыстық атқару комитетiнiң 22.01.1987 жылғы №2/37 шешiмiмен Ерейментау халық депутаттары аудандық Кеңесiнiң атқару комитетi жанындағы жеке құрамы бойынша шаруашылық есептегi архивi құрылған болатын.

Архив 1987 жылдың 27 қаңтарынан жұмыс iстеудi бастаған.

Ол аудан мекемелерi, совхоздары мен басқа ұйымдарының үлес қаражаты есебiнен ұсталған, олардың құжаттары архивке сақтауға тапсырылған және өңделген.

1995 жылдың қазанында аудандық әкiмшiлiктер жабылған болатын және әкiмдер институты енгiзiлдi. Аудан әкiмiнiң бағынуына мемлекеттiк архив те тапсырылған болатын.

1999 жылдың 08 сәуiрдегi қайта тiркеуiне сәйкес архив «Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесi деп атала бастады.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 17 ақпандағы № А-3/52 қаулысы негiзiнде мемлекеттiк архивiнiң Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесiне (ММ), 2008 жылдан — Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесiне аты өзгертiлдi.

2016 жылдын 28 сәуiрiнде Ақмола облысың әкiмшiлiгiнiң № А-6/197 Қауылының негiзiмен мемлекеттiк мұрағаттын атауы Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (КММ) болып өзгердi.

Директор Гуртовенко Иван Михайлович, Сыздықов Серiк Сыздықұлы, архивисшiлер-Левина Эльвира Александровна, Лапкина Людмила Васильевна, Сигель Валентина Викторовна, Крайнева Раиса Рудольфовна, Рыбалко Надежда Ивановна, Медушевская Вильма Федоровна, Сыздықова Сәуле Қапанқызы, Сахапова Наталья Шамильевна, Қоқымбаева Айнұр Жанатқызы, Семченко Татьяна Юрьевна, Сахапова Ксения Владимировна Ерейментау ауданының архивтiк құжаттарын жинап және архивтi құруға үлкен үлес қосты. Уақытқа қарамастан өз қызметiн жалғастыра отырып, құжаттардың сақталуын қамтамсыз етуге және өзiнiң тынымсыз жұмысын орындайды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.02.2017 11:12

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»
Яндекс.Метрика