A- A A+
Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Архив тарихы

Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының
«Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк
мекемесiнiң тарихи анықтамасы

Целиноград облыстық атқару комитетiнiң 22.01.1987 жылғы №2/37 шешiмiмен Ерейментау халық депутаттары аудандық Кеңесiнiң атқару комитетi жанындағы жеке құрамы бойынша шаруашылық есептегi архивi құрылған болатын.

Архив 1987 жылдың 27 қаңтарынан жұмыс iстеудi бастаған.

Ол аудан мекемелерi, совхоздары мен басқа ұйымдарының үлес қаражаты есебiнен ұсталған, олардың құжаттары архивке сақтауға тапсырылған және өңделген.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Конституциясының (Негiзгi заңының) бөлек нормаларын тоқтату туралы» Заңына сәйкес өтпелi кезеңде 1992 жылдың 1 наурызынан Ерейментау халық депутаттары аудандық Кеңесiнiң атқару комитетi өз өкiлеттiгiн тоқтатқан, атқару билiгiнiң жаңа органы құрылған болатын — Ерментау аудандық әкiмшiлiгi, әкiмшiлiк басшысы басқарған. Шаруашылық есептегi архив оның бағынуына тапсырылған болатын.

1992 жылы басталған кәсiпорындарды, совхоздарды, басқа ұйымдарды мемлекет иелiгiнен алуына байланысты шаруашылық есептегi архивтi, олардан алынатын, қаражат есебiнен ұстау мүмкiнсiз болды. Сондықтан Ақмола облыстық әкiмшiлiгi басшысының 1992 жылдың 3 сәуiрдегi №17 «Құжаттар сақталуын және облыстың жекешелендiрiлген кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарының архивтерiн қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» шешiмi негiзiнде жеке құрамы бойынша шаруашылық есептегi архивтер аудандардың мемлекеттiк архивтерiне қайта құрылған болатын, мекемелермен, ұйымдармен ақылы қызметтер орындаудан және аудан әкiмшiлiгiне бағынудан алынатын, бюджеттен тыс (арнаулы) қаражат үйлесiмiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұстаумен. Аталған шешiмiмен Ерейментау аудандық әкiмшiлiгi жанындағы шаруашылық есептегi архив 1992 жылдың iшiнде мемлекеттiк архивiне қайта құрылуы тиiс болған. Шынында ол 1993 жылдың қаңтарынан мемлекеттiк болды.

1995 жылдың қазанында аудандық әкiмшiлiктер жабылған болатын және әкiмдер институты енгiзiлдi. Аудан әкiмiнiң бағынуына мемлекеттiк архив те тапсырылған болатын.

1999 жылдың 08 сәуiрдегi қайта тiркеуiне сәйкес архив «Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесi деп атала бастады.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 17 ақпандағы № А-3/52 қаулысы негiзiнде мемлекеттiк архивiнiң Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесiне (ММ), 2008 жылдан — Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесiне аты өзгертiлдi.

2016 жылдын 28 сәуiрiнде Ақмола облысың әкiмшiлiгiнiң № А-6/197 Қауылының негiзiмен мемлекеттiк мұрағаттын атауы Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (КММ) болып өзгердi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.01.2017 10:28

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»
Яндекс.Метрика